• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:19

Бүгін елімізде қатты жел, үсік және шаңды дауыл болады

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, дүйсенбі, 6 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Тек республиканың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін, ал батыста – аздаған жаңбыр күтіледі. Батыс пен оңтүстікте синоптиктер желдің күшеюін болжайды, солтүстік пен оңтүстікте – тұман, ал оңтүстікте – шаңды дауыл болады.

Батыста, солтүстікте, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында 1–5 градусқа дейін үсік күтіледі.