• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жұмысшы мамандықтар жылы Бүгін, 16:15

Энергетика саласына кадр даярлау мәселесі талқыланды

30 рет
көрсетілді

Астанада Kazakhstan Energy Week – 2025 аясында ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің энергетика, экология және мұнай-газ саласы жөніндегі жұмыс тобының тақырыптық панельдік сессиясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасына арналған сессияға мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығы мен академиялық орта өкілдері қатысты.

«Бүгінде біз білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы жүйелі байланысты қалыптастырып келеміз. Әсіресе энергетика сияқты стратегиялық маңызы бар салалар үшін бұл бағыт өте өзекті. Ғылым және жоғары білім министрлігі университеттермен және жұмыс берушілермен бірлесе отырып, цифрландыру мен «жасыл» технологияларды енгізу жағдайында жұмыс істей алатын жаңа буын мамандарды даярлауға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеп жатыр», деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Назарбаев Университетінің президенті, доктор Вакар Ахмад энергетика саласының болашағын қалыптастыруда техникалық және кәсіби білім берудің рөлін атап өтіп, мемлекет, бизнес және жоғары оқу орындарының тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ қатысушылар Қазақстан энергетика саласының болашағы адами капиталдың дамуына тікелей байланысты екенін, ал мемлекет, бизнес және білім беру арасындағы тиімді синергия елдің орнықты әрі инновациялық дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.