АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылдың 14 маусымында Ақ үйде тұңғыш рет тарихи UFC турнирі өтетінін жария етті. Бұл күн Трамптың 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Президент бұл туралы Вирджиния штатындағы Норфолк әскери-теңіз базасында, АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 250 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиында айтты.
Трамп UFC президенті Дана Уайтты жақын досы деп санайды әрі аралас жекпе-жек жанкүйерлерін өз электоратының бір бөлігі ретінде көреді.Уайт Sports Business Journal-ға берген сұхбатында: турнир аяқталғаннан кейін Оңтүстік алаңдағы көгалды толықтай ауыстыру үшін 700 мың доллар бөлінетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, жекпе-жекке қатысатын спортшылар алдымен Доғал кабинеттен шығып, содан кейін орнатылатын «Октагонға» бет алады. Турнирге 5 мыңға жуық көрермен қатысады деп күтіледі.Кештің басты жұлдыздарының бірі ирландиялық Конор Макгрегор болмақ. Ол UFC-дегі соңғы кездесуін 2021 жылдың шілдесінде өткізіп, басты қарсыласы Дастин Порьеге есе жіберген еді.Жақында Макгрегор өзінің октагонға қайта оралатынын растап, Ақ үйдегі турнирге дайындалып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ ол Уайтпен келіссөздер жүргізіп, қайту жекпе-жегі Майкл Чендлерге қарсы өтуі мүмкін екенін хабарлады.