• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 16:52

Шорт-тректен әлемдік турдың іріктеуіне қатысатын қазақстандықтар анықталды

20 рет
көрсетілді

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы іріктеу кезеңі өтеді. Әлемнің үздік шорт-трекшілері 9-12 қазан аралығында сынға түседі, деп жазады Egemen.kz.

Бұл бәсекеде ел намысынн 11 спортшы қорғайды. Ұлттық олимпиадалық комитет  әлемдік турдың іріктеуіне қатысатын қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Құрама сапында Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева және Малика Ермек бар.

Әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде өтіп, жарыстардың қорытындысы бойынша 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу квоталары бөлінеді.