• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:05

Шнобель сыйлығы

20 рет
көрсетілді

Нобель сыйлығының пародияланған нұсқасы Шнобель сыйлығы туралы білесіз бе? Бұл марапатты иеленудің шарты біреу-ақ. Яғни адам ойына кірмейтін таңғажайып әрі күлкілі жаңалық ойлап табуыңыз керек.

Қалжыңға негізделген бұл сыйлықты ғылыми-юморлық «AIR» журналы 1991 жыл­дан бері табыстап келді. Жеңімпаз атан­ған лауреаттар адамды алдымен күлдіріп, сосын ойлантуы тиіс. Журнал редакторы Марк Абрахамстың айтуынша, сыйлық тағайындаудың түпкі мәні – ғылымды тіпті де қылжақтау емес. Әлем үшін, ғылым үшін маңызды, пайдалы жаңалықтар әркез салмақты мазмұнда болуы шарт емес екенін жеткізу болыпты. Әзірге «Шнобель» мен «Нобельді» қатар алған әлемде бір ғана адам бар, ол голландиялық – Андрей Гейм. Ғалым 2000 жылы «Шнобель» сыйлығын алса, 10 жылдан кейін физика саласында «Нобель» сыйлығын иемденіпті.