Грузияның Тбилисінде ММА-дан әлем чемпионаты аяқталды. Осы жарыста Қазақстанның аралас жекпе-жек шеберлері жеті жүлде олжалады, деп жазады Egemen.kz.
Жерлестеріміздің арасынан Ерұлан Қабдулов пен Жақсыбек Аймахановқа теі келер еншкім табылмады. Олар алтын алса, Досжан Есбол финалда ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты. Әбілмансұр Жексенбай, Марат Әшімтаев, Еркебұлан Бегасылұлы, Дмитрий Ярков және Диас Өскер қола медальді еншіледі.
Ал еліміздің қыздар құрамасы төрт жүлдеге қол жеткізді. Оның иегерлері – Матильда Бачурина, Әдел Махметова, Мөлдір Әшірбекова және Диана Ахметова. Жалпы есепте жерлестеріміз екінші орынды иеленді.