• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:05

Ойды оқитын құлаққап

10 рет
көрсетілді

«Samsung» компаниясы ми белсен­ділігін талдай алатын ерекше құ­лаққап жасап жатыр.

Құрылғы құлақ айналасындағы электродтар арқылы мидың сигналдарын тіркеп, адамның қандай бейнежазба, музыка немесе тағам түрін ұнататынын 92,86% дәлдікпен болжай алады. Ғалымдар бұл жобаны Оңтүстік Кореяның Ханянг университетімен бірлесіп әзірлеп, алғашқы сынақтарды сәтті өткізген. Құлаққап адамның көңіл күйін, ұйқы кезеңін, тіпті қызығушылығын да анықтай алады. Зерттеушілердің айтуынша, мұндай технология болашақта білім, медицина және ойын-сауық салаларында кеңінен қолданылуы мүмкін.