• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:38

Алматыда жедел жәрдем көлігі жасөспірімді қағып кетті

10 рет
көрсетілді

Қалалық полиция қызметінің мәліметінше, оқиға 7 қазан күні сағат 17:20-да Әуезов ауданында болған. Салдарынан 2009 жылғы жаяу жүргінші зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде дәл сол жедел жәрдем бригадасының фельдшерлерінің жасөспірімге көмек көрсетіп жатқан видеосы тарады. 

«Науқас жедел жәрдем көлігімен № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Нейрохирург тексерісінен және қажетті талдаулардан кейін «жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, бастың, беттің және сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі» диагнозы қойылды», деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.