• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 18:57

Атырау әкімдігі «Жүгіру фестивалі» туралы ақпаратты жоққа шығарды

50 рет
көрсетілді

Атырау қаласының әкімдігі тұрғындарды «Жүгіру фестивалі» туралы фейк ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атырау қаласының әкімдігі 15 қазан күні өтеді деп әлеуметтік желілерде тараған «Жүгіру фестивалі» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда бұқаралық іс-шара өткізуге жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алмаған. Жарнамаларда қатысу ақысы 5000 теңге деп көрсетілген. Бұл азаматтарды шатастыруы мүмкін», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жергілікті әкімдік қала тұрғындарына сақ болуды, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармау мен тек ресми дереккөздерге сенуді ескерті.

«Рұқсат етілген іс-шаралар туралы ақпарат әкімдіктің ресми арналары арқылы қосымша хабарланатын болады», деп мәлімдеді әкімдік баспасөз қызметінен.