Миссури университетінің 19 жастағы студенті оқу орны аумағында бүлік шығарып, 17 көлікті зақымдаған. Бейнебақылау камералары оның қылмыс орнында болғанын растаған. Бірақ ең маңызды дәлел – студенттің ChatGPT чат-ботымен жазысқан хабарламалары болды. Оқиғадан кейін жасөспірім жасанды интеллектіден «түрмеге түсем бе?» деп сұрап, «түкке тұрғысыз көліктерді сындырғанын» өзі мойындаған. Тергеушілер бұл хат алмасуды кінәсін мо-йындау ретінде бағалап, оның келісімімен хаттардың мазмұнын зерттеген. Қазір күдіктіге «мүлікке қасақана зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр.