• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт Кеше

«Шығыс Салбурыны-2025» халықаралық фестивалі басталды

20 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында көркем Бүркіт төбенің етегінде «Шығыс Салбурыны-2025» атты V мерейтойлық халықаралық фестиваль басталды. Оған Моңғолия, Ресей, Венгрия, Қырғызстан, Испания және басқа да елдерден қонақтар мен қатысушылар жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шараның құрметті қонақтары қатарында Туризм және спорт министрлігінің мемлекеттік жаттықтырушысы Базарбек Күнтуған, Республикалық құсбегілер федерациясының вице-президенті Бағдатхан Мүптекеқызы, Моңғолиядан келген аңызға айналған бүркітші Айшолпан Нұрғайып және халықаралық этномәдени ұйымдардың өкілдері бар.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше этноалаңда 30-дан астам киіз үйден құралған этноауыл тігілді. Мұнда шеберлік сабақтары, қолөнер көрмелері, сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрлері көрсетіліп жатыр: «Ашамайға мінгізу», «Беташар», «Тұсау кесу», «Қырқынан шығару», «Бесікке салу», «Сырға салу».

Фестивальдің басты оқиғасына – жыртқыш құстармен аң аулайтын құсбегілер сайысы жатады. Сонымен қатар, тазы жарысы, көкпар және басқа да ұлттық ойындар ұйымдастырылған.