Прокуратура бастамашы болған акцияның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықты жасауға бейім жасөспірімдерді анықтап, міндеттерін тиісті түрде орындамайтын ата-аналармен профилактикалық жұмыстарды жүргізу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шара аясында прокурорлар 200-ден астам білім беру ұйымын қамтып, нәтижесінде құқық бұзушылыққа бейім 545 оқушы мен өз міндеттерін тиісінше орындамаған 62 ата-ана анықталды. Кәмелетке толмаған 70 баланы полицияның, 475-ін мектепішілік есепке қою бағытындағы жұмыстар қолға алынды.
Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген 210 баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокурорлардың басты назарында.