Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп жазады Egemen.kz.
Билеттерді жеңілдікпен www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет саны шектеулі екенін ескертіп отыр.
Ал билет бағасы мына бағыттарға жеңілдікпен ұсынылады:
- № 9/10 «Астана – Алматы»
Вагон түрі: отыратын (2С)
40% жеңілдік пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға қолданылады.
- № 65/66 «Астана – Жезқазған»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Бұл бағытта 25% жеңілдік купелік орындарға беріледі.
№ 67/68 «Астана – Өскемен»Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға
№ 77/78 «Алматы – Маңғыстау»Вагон түрі: купе (2К)
Жеңілдік: 25% — үстіңгі орындарға;
№ 351/352 «Алматы – Өскемен»Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: 30% — үстіңгі орындарға;
№ 691/692 «Атырау – Ақтөбе»Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: 20% — үстіңгі орындарға.
Күн сайын қатынайтын пойыз:
№ 11/12 «Алматы – Шымкент»Вагон түрі: туристік (2Д)
Бұл бағыт жолаушыларына да 25% жеңілдік ұсынылады.
Жеңілдік: 25% — купелік орындарға.