Жамбыл облысының Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде 4 және 5-қабаттардың арасында орналасқан қойма бөлмесінде 4 шаршы метр аумақта жиһаз өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz
ТЖМ күштерімен баспалдақ маршы арқылы 7 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.
Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.