• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:54

Пара таэквондодан алматылық спортшы Азия чемпионы атанды

Алматылық спортшы Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz

Ұлан-Батырда өткен XI Азия чемпионатында қазақстандық спортшы К44 санатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, чемпион атанды. Финалдық кездесуде ол Иран спортшысын 2:0 есебімен басым түсті.

Камиля Досмалова бұған дейін де Қазақстан құрамасы сапында Паралимпиада ойындары мен Азия Пара ойындары секілді халықаралық ірі жарыстарда ел намысын қорғап жүрген тәжірибелі спортшылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар