• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:05

Студент жасаған сусын

40 рет
көрсетілді

Маңғыстау туризм колледжінің студенті Сұлтанбек Рахатұлы шұбатты жаңа тәсілмен өңдеп, заманауи нарыққа бейімдеді. Жас өнертапқыш бұл жобаны жетекшісі Ұлпан Ілесқызымен бірлесіп жүзеге асырды.

Жаңа сусын 80 па-йыз түйе сүтінен дайындалады. Құрамына түрлі жеміс-жидек қосылғандықтан, өнім дәмі өте ерекше.

– Шұбат – халқымыздың қастерлі тағамының бірі. Алайда жастар бұл өнімді әрдайым тұтына бермейді. Сол себепті оны жаңаша ұсынуды мақсат еттік. Әрі дәс­түр мен заманауи дәмді үй­лестіргіміз келді. Осылайша, шұбатқа киви мен құлпынай қосып, жаңа дәм жасадық. Бірнеше мәрте тәжірибе жасап, дәм үйлесімділігіне мән бердік, – дейді Сұлтанбек Рахатұлы.

Жоба авторының айтуын­ша, жаңа сусынның дәмін алғаш болып колледж ұжымы мен студенттер татып көрген. Кейін «Caspian» көрмесінде Маңғыстауға келген шетелдік қонақтарға да ұсы­нылып, оң бағасын алды. Бұл тәжі­рибе Сұлтанбекке өнімді нарыққа жеке бренд ретінде шыға­ру идеясын ұсынуға себеп болды.

Қазір студент өз өнімінің атауы мен дизайнын жетіл­діріп жатыр, сондай-ақ бұл идеяны патенттеуді қолға алды. Ол табиғи әрі ұлттық өнім ретінде сусынды кеңі­нен таныстырып, экологиялық таза, пайдалы әрі заманауи тауар ретінде нарыққа шы­ғаруды жоспарлап отыр. «Тұ­тынушылар шұбаттың дәмін ұнатып, оны күнделікті өмірде тұтынса, бұл үлкен жетістік болмақ», дейді өнертапқыш студент.

 

Маңғыстау облысы