• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 09:35

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: 27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

30 рет
көрсетілді

27 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің мәліметінше, кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аптаның алғашқы күнінде еліміздің аймақтарында температуралық көрсеткіштер әркелкі болады:

Солтүстікте – +10…+15 °C; Орталықта – +10…+18 °C; Батыста – +12…+20 °C; Шығыста – +8…+16 °C; Оңтүстікте – +15…+25 °C.

Астанада күндіз ауа температурасы +13…+15 °C жылылықты көрсетеді. Жауын-шашын күтілмейді, алайда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Алматыда күн райы құбылмалы. Күндіз +18…+22 °C жылы болады, бірақ жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанған.

Шымкентте жаймашуақ көктем сақталады. Ауа температурасы +22…+25 °C-қа дейін көтеріліп, негізінен ашық әрі жылы болады.

Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне, әсіресе таулы аймақтардағы нөсер мен солтүстіктегі түнгі үсікке байланысты сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар