«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Аталмыш шара ел аумағын тазартуға және өңірлерді көгалдандыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Акция аясында бүкіл ел бойынша жаппай сенбіліктер өткізіп, аймақтардың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне орай таңдалған ағаштар мен бұталар отырғызу жоспарлануда.
Бұл іс-шараға әрбір адам қатыса алады, ол үшін жергілікті әкімдікке хабарласып, өту орнына анықтау жеткілікті.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының бөлігі.
Оның мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау.
«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығына және елдің экологиялық болашағына үлес қосқысы келетіндердің барлығын біріктіреді.