• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:07

Экономика саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері анықталды

30 рет
көрсетілді

2025 жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығы қоғамның бай болуы мен өркендеуіндегі инновация мен технологиялық прогрестің рөлін терең түсіндірген ғалымдарға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Биылғы Нобель сыйлығының жартысы америкалық Солтүстік-Батыс университетінің профессоры Джоэл Мокирге бұйырды. Қалған жартысын француз экономисі, Коллеж де Франс профессоры Филипп Агион мен Лондон экономика мектебінің өкілі Питер Хоуитт өзара бөлісті. Үшеуі де инновациялар қоғамның дамуында негізгі қозғаушы күш екенін дәлелдеп, экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді сипатын түсіндірген.

Швед ғылым академиясының мәлімдеуінше, «соңғы екі ғасырда әлем тарихта тұңғыш рет тұрақты экономикалық өсім кезеңін бастан кешірді. Бұл миллиардтаған адамды кедейліктен шығарып, қазіргі өркендеуіміздің негізін қалады».

Өткен жылы экономика саласындағы Нобель сыйлығын Дарон Асемоглу, Джеймс Робинсон және Саймон Джонсон алған еді. Олардың еңбектері елдердің неге әртүрлі қарқынмен дамитынын және не себепті кей өңірлерде технологиялық прогресс молшылық әкелсе, кей жерлерде пайдасыз қалып қоятынын түсіндіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда басталған Нобель апталығында алғашқы марапат физиология және медицина саласында иммунитетті зерттеген ғалымдарға берілді. 7 қазанда физика саласындағы сыйлық АҚШ ғалымдарына бұйырды. 9 қазанда әдебиет саласының лауреаты болып венгр жазушысы Ласло Краснахоркаи аталды. 10 қазанда бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Венесуэлалық саясаткер Мария Корина Мачадоға табысталды.