• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:35

Әйгілі таеквондо шебері Мұстафа Өзтүрік туралы фильм түсіріледі

40 рет
көрсетілді

Қазақстандық таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында алдағы екі аптада Мұстафа Өзтүрік туралы көркем фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Сондай-ақ, Құдырет Шәмиев федерацияның жоспарында Қазақстандағы таеквондоның негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрікке ескерткіш орнату бар екенін атап өтті. 

«Біз шынымен де ескерткіш орнату идеясын қарастырып отырмыз. Әрине, ол бұл құрметке лайық. Бұл бір жағымды тосын сый болмақ еді. Дегенмен, сіздер бұл туралы біраз айтып кеткенсіздер, сондықтан бөлісейін: Мұстафа туралы фильмнің түсірілімі екі аптадан кейін басталады. Бұл тек оның өмірі туралы фильм емес, бұл – таеквондо спорты, қазақ пен корей халықтарының достығы туралы көркем картина. Фильмді федерация өз қаражаты есебінен түсіреді, сыртқы инвесторлар қатыспайды. Оның мақсаты пайда табу немесе кең экранға шығу емес, таеквондоны насихаттау және нағыз қаһарман рухын қайта жаңғырту», деді ол.