• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Кеше

Талғарда бір жыл ішінде екінші прокурор ауысты

30 рет
көрсетілді

Талғар қаласында бір жыл өтпей жатып, тағы да прокурор ауысты. Бұл лауазымға Жайнарбек Мыңбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жайнарбек Мыңбаев осы уақытқа дейін Талғар прокуроры қызметін атқарған Ерлан Тағаевтың орнын басты. Тағаев бұл қызметке 2024 жылдың қазан айында тағайындалған болатын.

Жайнарбек Мыңбаев 2012 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеген. Кейін облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасында прокурор және аға прокурор қызметтерін атқарды.

2017 жылы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасын үздік бітірген. Сол жылы Бас прокуратураның 1-дәрежелі аға прокуроры лауазымына тағайындалды.2021 жылы Бас прокурордың көмекшісі қызметін атқарған, ал 2024 жылдың қазан айынан бастап Бас прокурордың аға көмекшісі – топ жетекшісі болған.Сондай-ақ 2021 жылдан бері Жайнарбек Мыңбаев халық денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар бойынша істер жөніндегі топты басқарған.

Соңғы жаңалықтар