• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 15 Қазан, 2025

Қайта оянған жанартау

50 рет
көрсетілді

Камчаткадағы Ключевский жанартауы қайта оянып, одан шыққан күл-тозаң 7,2 шақырымға дейін биікке көтеріліп, желдің әсерінен 57 шақырымға дейін таралған.

Ғалымдардың айтуынша, жанартау аумағына қызғылт-сары деңгейдегі авиациялық қауіптілік коды берілді. Бұл төмен ұшатын ұшақтар үшін қауіп төндіруі мүмкін. Ключевский – Еуразия құрлығындағы ең белсенді жанартаудың бірі. Оның кратерінің диаметрі шамамен 700 метр, ал баурайында 80-ге жуық қосымша жарылыс шұңқыры бар.