• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:42

Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?

10 рет
көрсетілді

2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылы 25 қазан сенбі күніне түседі.

Осылайша, Республика күніне орай қазақстандықтар төмендегідей демалады:

Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан — демалыс күндері.Алты күндік жұмыс аптасында: 25, 26 қазан — демалыс, 27 қазан — жұмыс күні.

Сонымен қатар, қазанда кәсіби және өзге де мерекелер бар. Олар жұмыс күніне түссе де, өз саласының қызметкерлері арасында аталып өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізімі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығы негізінде жарияланған.

Қазан айындағы кәсіби мерекелер:

10 қазан — Қазақстан кәсіптік одақтары күні14 қазан — Стандарттау қызметкерлері күні16 қазан — Нан күні19 қазан — Құтқарушылар күні  Орман шаруашылығы қызметкерлері күні20 қазан — Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлері күні24 қазан — Кітапханашы күні26 қазан — Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні  Автомобиль көлігі қызметкерлері күні29 қазан — Күзет ұйымдары қызметкерлері күні  Қазақстан кәсіпкерлері күні

БҰҰ күнтізбесі

10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні11 қазан — Халықаралық қыздар күні; Оңтүстік Африкадағы саяси тұтқындармен ынтымақтастық күні12 қазан — Испан тілі күні; Дүниежүзілік қоныс аударатын құстар күні13 қазан — Апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық күн15 қазан — Ауыл әйелдері күні; Дүниежүзілік студенттер күні16 қазан — Дүниежүзілік азық-түлік күні17 қазан — Кедейлікті жою үшін күрес күні20 қазан — Дүниежүзілік статистика күні24 қазан — Даму туралы ақпарат күні; БҰҰ күні; Полиомиелитке қарсы күрес күні; Медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы27 қазан — Аудиовизуалды мұра күні29 қазан — Ақшаны жылыстатуға қарсы халықаралық күн31 қазан — Халықаралық жинақ күні; Дүниежүзілік қалалар күні; Халықаралық күріш күні