• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Зерде Бүгін, 14:50

«Ақылды жылыжай» прототипі жасалды

30 рет
көрсетілді

Оны ойлап тапқандар – Алматы құрылыс-техникалық колледжінің 3 курс студенттері Ғаббас Баязитов, Георгий Шикин, Назим Алиев. Олардың жобасында автоматтандыру үдерістері, сенсорлық бақылау және ЖИ элементтері біріктірілген, деп жазады Egemen.kz.

IoT құрылғылары және бағдарламалық жасақтаманың интеграциясы арқасында жылыжай микроклиматты, жарықтандыруды, суаруды өздігінен реттей алады. Жоба өсімдіктерді күтіп-баптауға адамның араласуын барынша азайтуға бағытталған.

Жоба жетекшісі Шернияз Кабдушевтің айтуынша, өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен студенттер өздерінің жоғары деңгейлерін көрсетіп отыр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, энергоүнемділік ерекше мән берілген жылыжай – күн панельдерімен жабдықталған, ал бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі интернетке шектеулі қолжетімділік жағдайында да жұмыс істей алатындай етіп жасалған.

Студенттер жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.