Taza.kz

# Зерде

Зерде • 10 Сәуір, 2026

Тұрар мен Жүсіп – қос халықтың ортақ тұлғалары

Кеңес өкіметі қазақ және қырғыз халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындайтынын ресми декрет арқылы жариялап, осы арада нақты қадам жасады. Бұл жағдай, әрине, империя өміріндегі жағымды құбылыс еді. Сонымен қатар орталық үкімет бұл қадамға бара отырып, жергілікті ұлттық саяси басшылыққа толық сенім артудан қаймықты. Оның әрбір еркін де батыл қадамдарына сезіктене қарады. Мұндай ұстанымның астарында кедергі ретінде, біріншіден, шешім қабылдайтын орталық басшылықтағы қызметкерлер мен жергілікті халық арасындағы өркениеттік, діни-мәдени алшақтық жатса, екіншіден, туған жер, оның табиғи және адами ресурсын игеруде, пайдалануда өзара үйлеспейтін мүдделер қайшылығы да бар-тын.

Білім • 09 Сәуір, 2026

Наурыздағы ҰБТ: Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады

Биылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға 179 мыңға жуық адам қатысып, олардың 70%-ы шекті балл жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Зерде • 03 Сәуір, 2026

Алаш тұлғасының қаламгерлік бастауы

Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан қоғамдық-саяси қызметімен қатар журналистикаға да елеулі үлес қосты. Оның алғашқы мақалалары 1880 жылдардың соңынан жариялана бастады. Петербордан жоғары білім алып Омбыға оралған соң, осы қаладағы басылымдарда қызмет етіп, қазақ халқының өзекті мәселелерін жариялай бастады.

Қоғам • 30 Наурыз, 2026

25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды

Абай облысының Аягөз қаласындағы №10 қазақ мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Аружан Қабдұлмаратова тұрмыстық пластик қалдықтарын қайта өңдеу арқылы жол жабынын жасаудың тың әдісін ұсынды. Жас зерттеушінің бірнеше жылға созылған еңбегі нақты нәтижесін беріп отыр, деп жазады Egemen.kz.

Тұлға • 27 Наурыз, 2026

Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген

Арна жағалағандағы арман Біз тұратын Тұздыбастау ауы­лын Үлкен Алматы арнасы қақ жарып өтеді. Ауылға кіре бергенде және шыға бергенде табаны мен екі жа­ғы шегенделген, ал ауылдың орта­сында төбесі тұтасымен жабыл­ған. Бір көше үстімен созылып және бірнеше көше көлденең қиып өтеді. Қазақстандағы құрылыс инже­не­риясының бір жетістігі осындай еді.

Зерде • 12 Наурыз, 2026

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

1896–1897 жылдары француздың археолог-этнографы, Париж географиялық қоғамының мүшесі барон Жозеф де Бай Ресейде зерттеу жұмысын жүргізді. Ол Қазан, Уфа, Перм, Екатеринбург, Түмен, Саратов, Мәскеу, сонымен қатар сол кездегі Ақмола облысының орталығы Омбыда болды. Осы сапары кезінде Жозеф тамаша фотосуреттерді таспалап, тарих қойнауында қалдырды. Соның ішінде қазақ тұрмысына қатысты оншақты сурет бар.

Тарих • 11 Наурыз, 2026

Ұлт көсемі ұрпағының беймәлім суреттері

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві – еліміздегі аудиовизуалды құжаттарды сақтауға маманданған бірегей мекеме. Архив қорында ел тарихының маңызды кезеңдерін қамтитын 100 мыңнан астам фотосурет, киноқұжат пен дыбыс жазбасы жинақталған.

Зерде • 06 Наурыз, 2026

Әлихан Бөкейхан және Лев Толстой: даналық үйлесімі

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көшбасшысы, энциклопедиялық деңгейдегі оқымысты, біртуар қаламгер, ғалым Әлихан Бөкейхан 1900 жылы «Дала уалаятының газеті» басылымының 10-нөміріне әлемдік классик Л.Н. Толстойдан аударған «Сурат кофейнесі» атты тәлімді еңбегін жария­лады. Арада 13 жыл өткен соң 1913 жылы «Қазақ» газетінің 1, 3, 4 сандарында «Оқшау сөз» айдармен бұл әңгіме «Дін таласы (Сурат кафеханасы)» деген атаумен толығып жарық көрді. Мұны қайта жаңғырған тәржіме деген дұрыс. Аударма соңына Ә.Бөкейхан: «Бұл сөз адам баласының бәріне ағайыншылық көзбен қараған орыстың ұлы философы Толстой сөзінен алынды. Ол Бернарден Десан Пиер дегеннің сөзінен алған екен», деп көрсетеді. «Le café de Surate» авторы француз жазушысы Бернар­ден де Сен-Пьер (1737–1814) бұл әңгімесін 1791 жылы жазыпты. Лев Толстой оны 1893 жылы аударып, «Северный вестник» журналына бастырады. Ә.Бөкейхан осы орысша нұсқадан тәржімелеген.

Зерде • 04 Наурыз, 2026

Сіз кімсіз, Каратон?

Бұл мақалада Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Италияны азат етуге қатысқан кеңес жауынгерін анықтауға бағытталған қазақ пен италиян зерттеушілерінің бірлескен ізденісі туралы баяндалады. Мақаланы жазуға ондаған жыл бойы жат жерде жүрек түкпірінде сақталған ерлік, яғни Каратон есімді азаматтың ерен ерлігі себеп болды.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика