Қоғам • Бүгін, 20:40

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Сарайшық ауданындағы Қ. Аманжолов көшесінің жол бөлігінде автокөлік өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада автокөлік жарылды: Зардап шеккендер бар

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен апаттар медицинасы Орталығының қызметкерлері келген.

Куәгерлердің алдын ала ақпараты бойынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін автокөлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болып, кейіннен өрт шыққан. Соның салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше автокөлік зақымданған.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олар қаладағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиғаның себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар