Фото: istockphoto.com
Алдын ала мәлімет бойынша, жолаушылар мінген такси көлігі жол жиегіндегі қорғаныс қоршауына соғылған. Апат салдарынан көліктегі үш адам зардап шеккен.
Зардап шеккендердің арасында 21 жастағы жолаушының жағдайы аса ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін екі аяғына ампутация жасауға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.