Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Абзалиденұлы Әлиев тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Данияр Әлиев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша және «Алматы» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві мен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.