• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Бүгін, 19:40

Алматыда студенттер қатарына қабылдау кештері қалай өтуде?

20 рет
көрсетілді

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан” құру және жауапты азаматтық қоғамды дамыту бастамалары жүзеге асып жатқан кезеңде оқуын бастауда. Осы орайда, қабылдау кештер «Таза Казақстан», азаматтық жауапкершілік, «мәдени ұлт» идеологемалар аясында ұйымдастырылуда, деп жазады Egemen.kz.

Кезекті «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты іс-шарасын Халықаралық білім корпорациясы (ҚазБСҚА) Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізді. Биылғы (ҚазБСҚА қабылдау кеші «Back to the Future 45» тақырыбымен өтті. Бұл тақырып студенттердің болашаққа деген көзқарасын, кәсіби жетістіктерге, шығармашылық пен инновацияларға бағытталған 45 жылдық даму жолын бейнелейді.  Қабылдау кеш аясында,“Таза Қазақстан” ұлттық жобасын қолдау мақсатында “Эко-старт первокурсника” акциясы өткізілді. Бұл акция арнауды тек мереке емес, тәрбиелік және экологиялық сана қалыптастыру үдерісінің бір бөлігіне айналдырды. Сонымен қатар, кештің негізгі бағыты «толық адам» тұжырымы болды. Ол кәсібилікті, азаматтық белсенділікті және экологиялық жауапкершілікті үйлестіре білген жан-жақты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.  

«Бүгін сіздер өмірлеріңіздің жаңа әрі жарқын кезеңіне қадам басып отырсыздар. Сіздер Алматы  қаласының белсенді студенттік қауымдастығының бір бөлігіне айналдыңыздар. Қала әкімдігі әрдайым жастармен бірге болып, олардың бастамалары мен жобаларын қолдауға дайын», – деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Қабылдау кешіне 4000-нан астам бірінші курс студенттері, оқытушылар, түлектер мен қонақтар, соның ішінде Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, академия түлектері, жұмыс берушілер, серіктестер мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 210 мыңнан астам студент білім алуда.. Студенттер қатарына қабылдау кеші – қала студенттерін біріктіретін, қаладағы әр жоғарғы оқу орнында өтетін жыл сайынғы ірі оқиға. Мұнда көңілді мерекеден бөлек, тәрбие мен құндылықтар алдыңғы орынға қойылады. Жыл сайын бұндай шаралар жаңа оқу маусымының бастамасы әрі студенттер бойында мақтаныш сезімін, бірлік пен болашақ Қазақстанды құру миссиясын қалыптастырады.