• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Салық Бүгін, 15:52

Мұнай мен газ саласы 8 трлн теңге салық түсірді

40 рет
көрсетілді

Еліміз биылғы жылдың басынан бері мұнай мен газ саласынан 8 триллион теңгеден астам салық жинады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Үш тоқсанның қорытындысы бойынша саладан түскен жалпы түсім 8,4 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жартыжылдықтағы көрсеткіштен екі жарым есе көп. Салық түсімдерінің ең үлкен бөлігі елдегі үш ірі жоба Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарынан түскен. Олардың ішінде ең көп үлесті «Теңізшевройл» компаниясы қамтамасыз етті. Биыл компания қазынаға 2 триллион 568 миллиард теңге аударып, жалпы түсімнің 30%-ын құрады.

Екінші орында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» тұр. Компанияның төлеген салығы шамамен 1 триллион теңге немесе жалпы түсімнің 12%-ына тең. Ал Қашаған жобасын іске асырып отырған «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» 341,6 миллиард теңге салық төлеген. Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 4%-ын құрайды.

Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобалары елдің экспорттық әлеуетін де, қаржылық тұрақтылығын да қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан бұл саланың тиімділігі тек өндіріс көлемімен емес, мемлекетке құйылатын қаржы ағынымен де өлшенеді.