• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:40

Ірімшіктен балмұздақ жасады

20 рет
көрсетілді

Mаңғыстау туризм колледжінің өндірістік оқыту шебері Еламан Фараббайұлы өзінің авторлық балмұздағын жасап шығарды. Оның десерті қазақтың ұлттық өнімінен әзірленген.

Кейіпкеріміздің айтуынша, авторлық балмұздақ – ұлт­тық дәм мен заманауи ас­паздық технологияны ұштастырған ерекше өнім. Қазіргі таңда оның ойлап тапқан балмұздағына сұраныс та жоғары.

«Осы балмұздақты жасап жүргеніме 5 жылдай уақыт болды. Бәріміз де балмұздақты жақсы көреміз, әсіресе балалар мен жастар күн сайын жейді десек болады. Жұрт жиі тұтынатын өнімді таза табиғи, ұлттық дәмнен неге жасамасқа деген ой келді. Солай ірімшіктен жасап, патентін алдым. 2023 жылы студентім Ұлдана Сарсанмен бірге «Жібек жолы» атты халықаралық турнирге қатысып, авторлық балмұздағымызды бауырсақтың жанына әсемдеп қойып ұсындық. Әр елден келген төрешілер өнімнің дәмін қатты ұнатып, жарыстан бірінші орын алдық. Ақтау қаласында ірімшіктен жасалған бал­мұздақты алғысы келетіндер көп. Әсіресе мейрамхана мен дәмханалар жиі тапсырыс береді. Балмұз­дақты өзім әзір­леймін. Ұлттық бренд ас­паздық өнерде де кеңінен қолда­нылса, қазақ асханасын шетелге таны­туға мүм­кін­дік бар», дейді Е.Фараббайұлы.

Идея авторы – қазір қызмет етіп жатқан колледждің түлегі. Бүгінде студенттерге ұлттық тағамдарды жаңа­ша әзірлеудің жолын көрсетіп жүр.