1991 жылы Семей полигонының жабылуы – адамзат тарихындағы ең үлкен гуманистік шешімдердің бірі.
Ондаған жыл сынақ алаңы болып келген қазақ даласы егемендік ала сала ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, әлемге бейбітшілік пен парасаттың үлгісін көрсетті. 1 100-ден астам ядролық оқтұмсық жойылды. Бұл – нағыз ерлік. Сол шешім арқылы еліміз ядролық қаруды таратпау идеясын халықаралық деңгейде насихаттап, «Ядролық қарусыз әлем» бастамасының көшбасшысына айналды. БҰҰ 2009 жылы 29 тамызды – Ядролық сынақтар-ға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп бекітті. Бұл күн – дәл Семей полигонының жабылған күнімен тұспа-тұс келеді.