• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 09:20

Қазақстан экономикасының өсімі 6,3%-ға жетті

20 рет
көрсетілді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау аясында экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шараларды қарқынды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі 6,3%-ды құрады. Бұл көрсеткіш жыл басындағы деңгейден 2,3 пайыздық тармаққа жоғары. Елдің негізгі экономикалық тіректері – көлік, құрылыс, сауда және өнеркәсіп салалары өсімнің басты қозғаушы күшіне айналып отыр.

«Өсу қарқыны қаңтардан қыркүйекке дейін жеделдеді: қаңтарда – 3,8%, қаңтар-ақпанда – 5,4%, қаңтар-наурызда – 5,6%, қаңтар-сәуірде – 6%, қаңтар-мамырда – 6%, қаңтар-маусымда – 6,3%, қаңтар-шілдеде – 6,3% және қаңтар-тамызда 6,5% болды.Бұл өсу қарқыны экономиканы әртараптандыру және салаларды теңгерімді дамыту есебінен жүзеге асырылуда. Өсімнің негізгі драйверлері көлік және қоймалау қызметтері (+21,2%), құрылыс (+14,9%), сауда (+8,8%), тау-кен (+9,3%) және өңдеу өнеркәсібі (+6,2%) болды», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында инвестициялар жылдық мәнде 13,5%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 30,7%-ға ұлғайған.

Инвестициялардың белсенді өсуі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуымен, екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлікке несие беру көлемінің ұлғаюымен және «Тарифті инвестицияға айырбастау», «Келешек мектептері» бағдарламаларының жүзеге асуымен тығыз байланысты.

Кәсіпкерлік саласында да оң өзгерістер байқалады. 2025 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша елде 2 174 309 кәсіпорын тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. ШОБ-тың экономикадағы үлесі 38,6%-ға дейін өсіп, ал өнім шығару көлемі 11,4%-ға ұлғайып 18,7 триллион теңгеге жеткен.