• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қазан, 2025

Әкім кубогы «Байзаққа» бұйырды

0 рет
көрсетілді

«Достық» стадионында әуесқой футбол командалары арасындағы «Тараз қаласы әкімінің Кубогы – 2025» турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доданың марапаттау рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарды табыстады.

Тартысты өткен турнирде барлығы 13 команда бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Байзақ», ІІ орынды «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты», ІІІ орынды «Ұшқын» командалары иеленді.

Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинацияларының иегерлері анықталды.

Тараз