• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Байқау Кеше

Үздіктер анықталды

30 рет
көрсетілді

Әулиекөлде ауылшаруашылық колледждерінің студенттері арасында өткен «AgroSkills-2025» атты республикалық байқау мәреге жетті. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен байқауға еліміздің 14 өңірінен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

Ауқымды іс-шара Қостанай облысы әкімдігі мен Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

«AgroSkills-2025» республикалық байқауы – жас мамандардың кәсіби дайындығын сынаумен қатар, еліміздің аграрлық білім беру жүйесінің сапасын, кадр даярлау деңгейін және студенттердің өндіріс талаптарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Байқауға қатысушылар нақты өндірістік жағдайға бейім­делген тапсырмаларды орындады. Олардың қатарында ауылшаруашылық техникаларын тиімді пайдалану, құрал-жабдықтарды диагностикалау және жөндеу, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды қолдану бойынша тәжірибелік тапсырмалар бар», дейді ұйымдастырушылар.

Байқау қорытындысы бойынша қостанайлық Денис Ерошенко бар­лық кезеңнен сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жүлделі екінші орынға Ақмола облысынан келген Станислав Гончаров пен Абай облысынан келген Никита Крисман ие болды. Ал үшінші орынды Ақтөбе облысының өкілі Арғын Әлім, Павлодар колледжінің студенті Асылжан Самат, Жамбыл облысынан келген Шахзод Шухратұлы сынды жас механизаторлар өзара бөлісіп алды.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздармен және медальдармен марапатталды.

 

Қостанай облысы