Talker Research жүргізген сауалнамаға қатысқан 2 мың америкалықтың айтуынша, жалақының 48%-ы алғашқы 48 сағатта жұмсалып кетеді.
Респонденттердің жартысынан көбі айлық түскен бойда-ақ қомақты шығындарды, пәтер ақысын, несие қарыздарын өтейтін көрінеді. Түскен қаржының басым бөлігі алғашқы екі тәулікте жұмсалып кететіндіктен, қалған ақша айдың соңына дейін әрең жетеді. Сауалнамаға қатысушылардың тек 28%-ы ғана табысының бір бөлігін бірден жинаққа аударатынын мойындаған.