Бұл туралы Премьер-министрдің кеңесшісі Әлішер Қожасбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, кейбір өңірлерде халық өз күнін өзі көріп отырса да, жолдар, теміржолдар мен мектептер секілді ірі жобалардың барлығы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Ал республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі үлесін бизнес қауымдастықтың өте шағын бөлігі қамтамасыз етіп отыр.
«Бұл өмір мерекесінің ақысын кім төлеп отыр? Шын мәнінде, бар болғаны 1,5 мыңдай компания. 2,4 миллион бизнес субъектісінің ішінен дәл осы 1,5 мың компания бюджет кірісінің негізгі бөлігін қалыптастырады», деп түсіндірді спикер Ә.Қожасбаев.