Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың нақты тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Команданың оқу-жаттығу жиыны 3 қарашада Астанада басталады. Қазақстан құрамасы қарашада екі ойын өткізеді:
15 қарашада – ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Бельгияға қарсы матч,
«Астана Арена», сағат 19:00.
Билеттер 3 қарашадан бастап сатылады (бағасы 3000 теңгеден).
18 қарашада – Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесу,
«Алда Дросина» стадионы, Пула (Хорватия), сағат 22:00.
Қақпашылар:
Сейсен, Шайзада, Анарбеков, Төлепберген
Қорғаушылар:Қасым, Вороговский, Әліп, Жұмаханов, С. Астанов, Жағоров, Малый, Кусьяпов, Тапалов, Қайыров, Тұрсынбай, Әшірбек
Жартылай қорғаушылар:Кенжебек, Оразов, Чесноков, Халматов, Жуков, Қасаболат, Жұмат, Қараман, Төлебай, Пайруз
ШабуылшыларА. Астанов, Самородов, Сатпаев, Свиридов, Каримов, Өміртаев
Қазақстан құрамасы үшін бұл ойындар әлем чемпионатына жолдама алу жолындағы маңызды сынақ болмақ.