• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Кеше

Үй шаруасына көмектесетін робот

30 рет
көрсетілді

АҚШ-тағы ІX «Technologies» компаниясы үй шаруасына арналған «NEO» атты ақылды роботты сатылымға шығарды.

Арнайы тұрмыстық жұмысқа бейім­делген жасанды көмекшінің бойы 1,68 метр, салмағы 30 килограмм. Адамға ұқсайтын робот 70 килоға дейінгі жүкті көтеріп, таси алады. Оның ішінде Redwood AI жүйесі орнатылған. Сондықтан «NEO» тапсырмаларды лезде түсіне қояды. Яғни ол үй жинау, бөлме ішін реттеу, заттарды тасу, жарықты қосып-өшіру, есікті ашып-жабу, тіпті тұрмыстық техникаға көмектесу сияқты жұмыстарды атқара алады.