• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тарих Бүгін, 01:25

Тәжікстанда ежелгі қаланың орны табылды

50 рет
көрсетілді

Тәжікстанның Хатлон облысында археологтар ежелгі қала орнын анықтады. Қазба барысында құнды тарихи жәдігерлер табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәжікстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау агенттігінің мәліметінше, табылған Андичароғ елді мекені көне Хуттал аймағының бір бөлігі болып саналады. Бұл ортағасырлық княздік біздің заманымыздың VII-XVI ғасырларында қазіргі Тәжікстан аумағында гүлденген.

– Елді мекеннің орталық алаңы шамамен 14 гектарды қамтиды. Қазба жұмыстары кезінде 100-ден астам археологиялық артефакт табылды. Олардың қатарында көне тиындар, керамика, ағаш ою және ұсталық бұйымдар бар. Сондай-ақ бұл аумақта егіншілік іздері — қол және су диірмендері анықталды, – деді агенттік директоры Шерали Ходжазода.