• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Қызылордада қаржы пирамидасының жолы кесілді

20 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «HRT» атауымен қаржы пирамидасын ұйымдастырған азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Тергеу барысында анықталғандай компания өз қызметін самокаттарды салымшыларға сату және жалға беру арқылы пайда табу жүйесімен жүзеге асырған, деп жазады Egemen.kz.

Компанияның аймақтық филиалын ашып, пайда табуды көздеген Т.Теңелбаева аталмыш компанияның қызметімен толық танысып, «Telegram» желісіндегі «Remo 888» аккаунты арқылы байланыс орнатқан. Кейін «HRT» жүйесіне жаңа салымшыларды тіркеу арқылы өз пайдасын арттыру жоспарын құрған. Жаңа қатысушыларды тартқаны үшін ол әр салымшыдан 15 пайыз көлемінде сыйақы алып келген. Осылайша, облыс аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, жалпы көлемі 33 004 300 теңге материалдық шығын келтіргені анықталды.

Аппеляциялық сот үкімімен Т. Теңелбаева ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен және ҚК-нің 218-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу үшін, сотталушы қылмыстық жолмен сатып алған құны 5 604 000 теңгелік «Changan Alsvin» автокөлігі тәркіленді.