Албанияның премьер-министрі Эди Рама мемлекеттік сатып алу министрі қызметін атқарып жүрген жасанды интеллект Диэлла жақында 83 «цифрлық баланы» дүниеге әкелетінін мәлімдеді.
Әрбір «цифрлық баланың» міндеті – парламент депутатына жеке көмекші болу. Премьер-министрдің айтуынша, бұл виртуалды ассистенттер мәжіліс отырысына қатысып, жазбалар жүргізеді, депутаттарға талқыланып жатқан тақырыптарға қалай жауап беру керектігін ескертеді. Әр көмекші Еуропалық одақ заңнамасын терең білетін болады.