Білесіз бе, ғарышкерлер ешқашан 24 қазанда ғарышқа ұшпайды. Себебі бұл күн кеңестік ғарыш тарихында «қаралы күн».
1960 жылдың дәл осы күні Байқоңыр ғарыш айлағында тәжірибелік «Р» зымыраны жарылып, алапат апат болған. Бір сәтте от шарпыған алаң күлге айналып, 72 адам қаза тауып, 16 адам ауыр жараланған. Бұл оқиға ғарыш саласының ең үлкен қасіретінің бірі саналады. Содан бері 24 қазан күні Байқоңырда ұшырылым болмайды. Тіпті маңызды іс-шара жоспарлаудың өзіне тыйым салынған. Ал ғарышқа ұшатын күннен бір күн бұрын міндетті түрде қаралы күнді еске салатын фильмді тамашалайды.