Аршалыдағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесі аумағына тыйым салынған заттарды жасырын өткізбек болғандардың әрекеті дер кезінде тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.
Нысан аумағындағы көмір үйіндісінен белгісіз түйіншек табылған. Жедел бөлім күдік тудырған затты дереу тіркеп, тексерген.
3 сыныпты сержант Нұрбол Аштаев пен оның қызметтік иті тексеру барысында түйіншекке жасырылған 8 мобильді телефон мен екі SIM-картаны тапқан.
Анықталған дерек бойынша материалдар тиісті органдарға одан әрі тергеу жүргізу үшін жолданған.
Осылайша Ұлттық ұлан сарбаздары қырағылық танытып, заңсыздықтың жолын кесті.