«Lumia» компаниясы алты жылдық зерттеуден кейін ерекше денсаулық гаджетін ұсынды. Пішіні кәдімгі сәнді сырға. Ал гаджет қан айналымын өлшей алатын шағын зертхана ретінде жұмыс істейді.
Бүгінге дейін мұны ешбір смарт-сағат, фитнес-браслет, тіпті ең озық медициналық трекер орындай алмаған. Сондықтан әшекей түріндегі аксессуар денсаулықты бақылаудың жаңа құралына айналып отыр. Болашақта осындай құрылғылардың арқасында дәрігерге бармай-ақ денсаулық жағдайын толық бақылауға мүмкіндік туады.