• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Желтоқсан, 2025

Әлеуметтік мәні бар сырқат түрлерінің тізбесі жаңарады

20 рет
көрсетілді

Жаңартылған тізім жаңа жылдан бастап енгізіледі. 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімі бойынша науқастар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмек және талдаулар алады, деп жазады Egemen.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, жаңа тізімге мынадай сырқат түрлері енген.

- туберкулез; - инфекция ВИЧ; - созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы; - қатерлі ісіктер; - психикалық және мінез-құлық бұзылыстары; - алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі; - жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары; - орталық жүйке жүйесінің демиелинизациясы; - сирек кездесетін аурулар; - эпилепсия; - инсульт (1 жылға дейін).     

Соңғы жаңалықтар