Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 30 желтоқсанда Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева Катардың Доха қаласында өткен блицтен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Турнирдің финалдық кездесуінде Қазақстан өкілі украиналық шахматшы Анна Музычукті жеңді.