АҚШ президенті Дональд Трамп импорттық тауарларға қатысты протекционистік саясатын жұмсартып, жиһаз бен италиялық макарон өнімдеріне салынатын баж салығын өзгертті. Бұл шешім америкалық тұтынушылар арасында бағаның өсуіне қатысты наразылықтар мен сауда серіктестерімен жүргізілген келіссөздерден кейін қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақ үй таратқан мәлімдемеге сәйкес, жиһаздың кейбір түрлеріне (жұмсақ жиһаз, ас үй шкафтары) салынатын жоғары тарифтердің енгізілуі 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді.
Еуроодақ АҚШ өнімдеріне 30% баж салығын енгізеді
Қазіргі уақытта бұл тауарларға 25%-дық тариф сақталып тұр. Бұған дейін Вашингтон жиһазға салынатын салықты 30%-дан 50%-ға дейін көтеруді көздеген болатын. Дональд Трамп бұл шешімін сауда серіктестерімен (оның ішінде Қытай мен Вьетнам) жүргізіліп жатқан нәтижелі келіссөздермен түсіндірді. Бұл қадам АҚШ-тағы бөлшек сауда бағаларының күрт өсуін тежеуге бағытталған.
АҚШ-тың Сауда министрлігі италиялық макарон өндірушілеріне («La Molisana», «Garofalo» және т.б.) қатысты демпингке қарсы айыптарды қайта қарап, салық мөлшерлемесін айтарлықтай төмендетті.
Италия АҚШ-қа экспортталатын барлық макарон өнімдерінің 19%-ын қамтамасыз етеді. Салықтың төмендеуі танымал брендтердің америкалық дүкен сөрелерінен жоғалып кетпеуіне кепіл болады.