Біріккен ұлттар ұйымының кауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы 5 қаңтар жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де басталады.
Венесуэлаға уақытша президент тағайындалды
Айта кетейік, бұған АҚШ-тың Венесуэла аумағында жүргізген операциясы себеп болды. АҚШ Каракастағы және елдің бірқатар штатындағы нысандарға әуеден соққы жасады. Ақпаратты Дональд Трамптың өзі растады. Сондай-ақ Каракаста ел президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес ұсталды.
АҚШ Венесуэланың астанасы Каракасқа әуе соққыларын жасады