• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қаңтар, 2026

БАӘ өз азаматтарының Ұлыбританияда оқуын қаржыландыруды тоқтатты

30 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктері билігі өз азаматтарының Ұлыбритания аумағында оқуын мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландыруды тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.

БАӘ билігінің шешіміне британдық жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің радикалдану қаупіне қатысты алаңдаушылық себеп болғаны хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, бұл шешім Абу-Дабидің Мұсылман бауырлар қозғалысына қатысты қатаң ұстанымымен байланысты. Аталған ұйым Әмірліктерде және бірқатар басқа елдерде террористік ұйым ретінде танылған. Ал Ұлыбритания билігі олардың қызметін шектеуден бас тартып отыр.

БАӘ импорттаушылары тізіміне тағы төрт отандық кәсіпорын енгізілді

Сонымен қатар БАӘ азаматтарының жеке қаражаты есебінен Ұлыбританияда білім алуына шектеу қойылмаған. Алайда Әмірліктер билігі аккредитациядан өтпеген британдық жоғары оқу орындарының дипломдары елде мойындалмайтынын ескерткен.

Қазақстан мен БАӘ өкілдері мұнайды терең өңдеу мәселесін талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар